Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметтегі брифингте "Қазақстандықтар 30 тамызда демала ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтетін, сондықтан бұл күн демалыс болып келген. Алайда биыл наурыз айында елде жаңа Конституция қабылданды, осыған байланысты тамыздағы демалыс күні автоматты түрде күшін жойды. Мәселе – "Еңбек министрлігі бұл өзгерістерді заңнамалық тұрғыда бекітіп үлгере ме?" деген сауал төңірегінде болды.
- 30 тамызда қандай мереке бар? Демалыс болмайды. Бұл күн жойылады, өйткені жаңа Конституция бар, басқа күн белгіленген. 30 тамыз – жұмыс күні болады, – деп қысқа қайырды Ертаев.
Пікірлер