«Ертіс» ӘКК өкілдері 22-ші тұрғын ауданда орналасқан 43 заманауи жеке тұрғын үй құрылысының жуықта аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мәліметінше, үйлер толығымен салынып біткен. Ауданы 66,03 шаршы метрден 94,74 шаршы метрге дейін. Жылыту электр қазандығымен, ал су орталық жылыту жүйесімен қамтамасыз етіледі.
- Аумақ қоршалған және әр үйдің өз жер телімі бар. Сату туралы жақын арада хабарланады. Сұрақтарыңыз болса, 740-462 немесе 8-706-686-12-58 нөмірлеріне хабарласыңыз, - деп қосты АҚ.
Пікірлер