Қазақстан мен Моңғолия Өскемен-Өлгей бағытында әуе рейсін ашуға келісті. Бұл туралы Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
— Сонымен бірге әуе қатынасын жандандыру маңызды. Қазір Алматы-Ұланбатыр бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай Астана-Ұланбатыр әуе қатынасы қайта ашылады. Бұдан бөлек, біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде Өскемен-Өлгей бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік. Бұл маңызды шешімнің арқасында ынтымақтастығымыз одан ары нығайып, аймақаралық байланыстарымыз тың серпінмен дами түсері сөзсіз, — деді Президент.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия елінің басшысы Хурэлсүх мырзаға және моңғол тарапынан осы мәселені шешуге атсалысқан барша азаматқа алғыс айтты.
Пікірлер