A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 15:35 0

ШҚО-да 90-ға жуық электр станциясын салуға мүмкіндік бар

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында өнеркәсіп, туризм және гидроэнергетика салаларындағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Аймақ басшысының айтуынша, туризм саласының әлеуеті жоғары, оны дамыту бойынша арнайы жоспар әзірленіп жатыр.
Өз кезегінде Қанат Шарлапаев Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау және инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Сондай-ақ гидроэнергетика саласына инвестиция тарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Облыс әкімі өңірде гидроэнергетиканы дамыту мүмкіндігі зор екенін айтып, шамамен 90 су электр станциясын салуға болатынын атап өтті. Сонымен қатар туристік тартымдылықты арттыру үшін экологиялық жағдайды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Оның мәліметінше, Өскеменде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар өндіріс орындарынан ғана емес, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтарынан және қыс мезгілінде пеш жағатын жеке үйлерден де бөлінеді. Қалада 130 мыңнан астам автокөлік тіркелген. 
Аймақта қараша-наурыз айлары аралығында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде кәсіпорындар өндіріс көлемін 20-50%-ға дейін төмендетеді. Ал экологтар ауа сапасын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Кездесу аясында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, соның ішінде «Восток Молоко», «Силумин-Восток» және «Altai Mai» серіктестіктерін аралауды жоспарлап отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив