Моңғолияға Атырау вагон құрастыру зауытының өнімдері сатылмақ. Бұл жөнінде Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов Қазақстан-Моңғолия бизнес форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Бүгінгі бизнес форумда Атырау вагон құрастыру зауытының өнімдерін сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойылады. Меніңше, Моңғолия шамамен 6,7 млн доллар қаржыға вагон алады. Дегенмен, бұл — басы. Бірте-бірте сауда көлемі ұлғаяды, - деді ол журналистерге сұхбат бере отырып.
Сонымен бірге, Мұрат Қарымсақов еліміз Моңғолияға экспорттайтын басқа да тауарларды атап өтті.
- Бізден бұл ел электроника, азық-түлік, металлургия, құрылыс заттарын, астық өнімдерін сатып алады. Ал Қазақстан Моңғолиядан тері өнімдері, көкөністер т. б. тауарлар импорттайды, - деді ол.
Пікірлер