Оның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция қызметкерлері жылдамдықты асыру, мас күйде көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау деректеріне ерекше назар аударады.
Сонымен қатар полиция оң жақ рөлді көліктермен такси қызметін көрсетуге тыйым салынғанын ескертеді. Мұндай заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырды.
Пікірлер