Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Амангелді Еңсегеновтың сөзінше, өңір аумағында өрт қауіпті кезең 13 сәуірден басталды.
– Облыстағы орман қорының жалпы ауданы 3 млн гектарды құрайды, оның ішінде орманмен қамтылғаны – 1,7 млн гектар. Сондай-ақ аймақта 13 орман шаруашылығы, 2 мемлекеттік табиғи қорық және 1 ұлттық парк жұмыс істейді. Өткен жылы орман қоры аумағында 27 орман өрті тіркелді. Өрт шарпыған аумақ 204 гектарды құрап, 2 млн 100 мың 500 теңге материалдық шығын келтірілді, – деді ол.
Жалпы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің саны 2 есе, өрт қамтыған аумақ 181 есе артты. Залал мөлшері де 10 есе өсті.
– Орман өрттерінің негізгі себебі – найзағай разрядтары. Соңғы төрт жылдағы орман өрттері динамикасын талдау олардың саны мен аумағының айтарлықтай төмендегенін көрсетеді: 2022 жылы 15 645,5 га аумақта 76 өрт тіркелді, 2023 жылы – 502,37 га аумақта 77 өрт, 2024 жылы – 1,12 га аумақта 13 өрт, 2025 жылы – 203,78 га аумақта 27 өрт, – деді Амангелді Еңсегенов.
Айта кетейік, өткен жылы облыс аумағында 840 га аумақта 1 дала өрті тіркелді. Даладағы жану жағдайларының саны 1,3 есе артқаны байқалады.
Пікірлер