ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт қаладағы Черняховский көшесіндегі үйден шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Жер үйдегі бөлмелердің бірінен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өрттің жалпы аумағы 44 шаршы метр. Әзірге оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Пікірлер