A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:40 0

Өскеменде Бірлік күні атап өтілуде

Бүгін / Басты / Өскемен

Бүгін облыс орталғыныдағы Республика алаңында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан - Қазақстан» мерекелік бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін өңір өнерпаздары концерт ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты. Сондай-ақ балалар шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетті. 
Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады. Ол бірлік, келісім және өзара құрмет қоғамның басты құндылықтары әрі елдің тұрақты дамуының негізі болып қала беретінін атап өтті.
– Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Шығыс Қазақстан – тарихи тұрғыдан алғанда тату қарым-қатынас пен өзара түсіністік мәдениеті қалыптасқан, көпұлтты өңірлердің бірі. Сондықтан береке-бірлігіміз нығайып, ынтымағымыз арта берсін. Еліміздің абыройы асқақтап, мерейі үстем болсын! - деді өңір басшысы. 
Бұдан бөлек, Республика алаңында фотоаймақ, жәрмеңкелер, балаларға арналған алаң, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.  
Айта кетейік, кешкі сағат 18:00-де Республика алаңында Студенттік көктем өтіп, орталық субұрқақтың іске қосылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив