Республика алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жастарға арналған облыстық фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауқымды іс-шарада өңірдегі 3 жоғары оқу орны мен 6 колледж студенттері өнер көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан-Американдық еркін университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары колледжі, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Өскемен медициналық-стоматологиялық колледжі, Өскемен жоғары медициналық колледжі және Ұлан ауданы балалар музыка мектебі.
Фестиваль соңында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысушылар марапаттап, оларға ақшалай сертификаттар табыстады.
– «Бірлік толқынында» фестивалінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен тұспа-тұс келуі – ерекше мәнге ие. Біз жастарға сенеміз. Тек қана алға ұмтылыңыздар! – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Қатысушлылардың өздері бұл іс-шараның игі дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті.
- Биыл фестивальге екінші рет қатысып отырмыз. Осы алаңда өнер көрсету – бүшін үлкен мақтаныш. Барымызды салып дайындалдық. Осындай іс-шаралар студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, өздерін көрсетуіне мүмкіндік береді. Сондықтан жиі ұйымдастырылса екен деген тілегіміз бар, - деді фестиваль қатысушысы Рамина Айбек.
Пікірлер