Биыл қала тұрғындарының демалысын жайлы ету үшін инфрақұрылымды кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы шаһар басшысы басшысы Алмат Ақышов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған аймақта демалушыларға арналған орындар жөнделіп, қосымша тұрақ бөлінеді және жаңа балалар ойын алаңы орнатылады. Футбол және волейбол алаңдарын қоса алғанда, спорт алаңдарын да салу жоспарланған.
Шешек асуы өткен жылы жақсартылып, тұрғындар жиі баратын демалыс аймағына айналды.
Әкімдік аумақты одан әрі дамыту бүкіл отбасы уақыт өткізе алатын заманауи және қолжетімді демалыс аймағын құруға бағытталғанын атап өтті.
Пікірлер