Қазір «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Құтқарушылар ғимарат конструкцияларын бөлшектеп, өрт ошақтарына су құйып жатыр.
- Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, өрттің жалпы ауданы анықталады. ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.
Пікірлер