Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылысты жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдіктері қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады, - деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.
Пікірлер