A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 12:50 0

«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылыс кезінде цех опырылып, қауіпті аймақта 32 адам болған

Бүгін / Өскемен

«Қазцинк» ЖШС-да болған жарылысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан өндірістік ғимараттың бір бөлігі опырылған.

- Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарылыс болғанын анықтады. Соның салдарынан цехтың бір бөлігі опырылды. Конструкциялардың жанып жатқаны да байқалды, - деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Өрт оқшауланғаннан кейін құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарына кірісті. Жалын шарпыған аумақ шамамен 120 шаршы метрді құрады. Оқиға кезінде қауіпті аймақта 32 адам болған.

- Тікелей оқиға эпицентрінде үш адам — аға шебер мен екі жұмысшы болған. Оқиға салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шегіп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды, - деді ол.

Қазіргі уақытта оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері тексеру аяқталғаннан кейін анықталады, осы мақсатта арнайы комиссия да құрылмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив