A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:20 0

Өскемендегі жарылыс: Бір жұмысшы ауыр жағдайда жатыр

Бүгін / Өскемен

Бүгін “Казцинк” ЖШС-да болған жарылыстан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Мамандандырылған медициналық ұйымы бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикеновтің мәліметінше, таңғы сағат 08:30 шамасында жедел жәрдем бөліміне зардап шеккендерді қабылдау туралы қоңырау түсті. Оқиғаға байланысты қабылдау бөліміне дереу төтенше жағдай бригадасы, реаниматолог және травматолог мамандар жұмылдырылды. Ауруханаға барлығы 5 адам жеткізілді.
- Зардап шеккендер тексеріліп, қажетті талдаулар алынып, компьютерлік томографиядан өткізілді. Нәтижесінде 3 адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді. Ал 1980 жылы туған ер адамның жағдайы ауыр. Оның денесінің жоғары бөлігінің 90 пайызын күйік шалып, тыныс алу жолдары зақымданған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы бір ер адам омыртқа жарақатын алып, травматология бөлімінде ем қабылдауда, - деді Мұрат Нұрбикенов. 
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив