«Казцинк» компаниясы қаза тапқан жұмысшылардың отбасына қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан қаза болған Рамазанов О.Н. мен Камалиев Е.Т.-ның жерлеу рәсіміне байланысты барлық шығынды компания толық өз мойнына алады. Сонымен қатар әрбір отбасыға 10 жылдық еңбекақы көлемінде өтемақы төленеді.
Ал ауруханада ем алып жатқан зардап шеккендерге қажетті медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек шығындары да толықтай компания есебінен өтеледі. Бұдан бөлек, олардың еңбек ақылары 100 пайыз көлемінде сақталады.
Пікірлер