Мерекелік жиын аясында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне барып, жеке құраммен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Іс-шара барысында өңір басшысы сарбаздар қызметіне жоғары баға беріп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. Әкімнің айтуынша, Ұлттық ұлан жауынгерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген міндеттерді сапалы орындап, кәсібилік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді.
– Елімізде заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы жолда сіздердің еңбектеріңіз ерекше маңызға ие, – деді ол.
Мерекелік жиында қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар әскери қызметші марапатталды.
Полковник Арман Сейітов Ұлттық ұлан сарбаздарының күнделікті қызметі жауапкершілікке толы екенін атап өтті.
– Біз ел тыныштығын сақтау жолында әрқашан қызметтеміз. Алдағы уақытта да өз міндетімізді адалдықпен әрі абыроймен атқара береміз, – деді ол.
Пікірлер