Бүгін Мәжілісте БАҚ өкілдеріне сұқбат берген вице-министрі Санжар Әділов оқыс оқиға технологиялық процестің бұзылуынан болуы мүмкін деп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал екінші нұсқа ретінде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы деген болжам қарастырылған. Қазір қылмыстық кодекстің 156-бабы бабының 4 бөлігі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен бірге вице-министр 10-нан астам сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын айтты. Сараптамалар жүргізіліп, нақты себептері анықталады.
- Әзірге 2 болжам бар. Жарылыстың алғашқы себебі техногендік процестің бұзылуы, екіншісі адами фактор, яғни еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы. Бүгінде оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен облыс әкімдігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр, – деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Пікірлер