Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Өскеменге арнайы бортпен ұшып бармақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарылыстан денесін 90 пайыз күйік шалған жұмысшының жағдайы белгілі болған еді.
– Бұған дейін орталықтың бейінді мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіліп, зардап шеккенді емдеудің алдағы шаралары келісілген, – деп мәлімдеді компания.
Жаза кеткен жөн, 1980 жылы туған бір ер адамның жағдайы – аса ауыр, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Терісі, ішкі органдары мен өңеші, тіпті көзіне дейін күйіп кеткен. Ол ауруханаға шок жағдайында түскен. Ал 1974 жылы туған тағы бір ер адамның омыртқасы сынған.
Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов ауруханаға алғашқы қоңырау "103" қызметкерлерінен түскенін айтты.
– Таңғы сағат 08:30-да жедел жәрдемнен ауруханаға қоңырау түсті. Олар "жаппай жараланғандарды әкеле жатырмыз" деді. 08:40-та аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл бригада құрылды. Оның қатарында реаниматолог, травматолог, комбустиолог бар. Алғашқы жараланғандар 08:45-те түсе бастады. Бірінші 5 адам түсті. Оның төртеуі – ер адам, біреуі – әйел, – деді ол.
Пікірлер