A+ A A-

talgatzhan 14 Бүгін, 16:00 0

Өскемендегі Ер Жәнібекті еске алу турнирінде 300-ге тарта спортшы семсерлесіп жатыр

Бүгін / Өскемен / Спорт / Басты

Республикалық бәсеке осымен XX мәрте қолға алынып отыр. Жарысты өткізуге Ер Жәнібек ұрпақтары бастама танытқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашық турнирде кіші жасөспірімдер мен кадеттер шеберліктерін паш етуде. Мамырдың 8-не дейін жалғасатын дода Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтіп жатыр.

– Турнир жылдар көлемінде республикалық деңгейде жалғасып отыр. Биыл жарысқа еліміздің алты өңірінен 295 спортшы қатысуда, сондай-ақ Қырғызстан құрамасы да шақырылған. Турнирдің өтуіне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Семсерлесу федерациясы мұрындық болды. Жарысты өткізуге Ер Жәнібектің ұрпақтары бастама танытқан

Қатысушылар кіші жасөспірімдер мен кадеттер арасында «рапира» және «шпага» жарыс түрлерінен сынға түсуде, жігіттер мен қыздар жеке-жеке бақ сынап жатыр.

Сайыстың ашылуына қатысқан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов осындай турнирлер жаңа спортшылар есімін әйгілеп қана қоймай, олардың бойына тәртіп пен ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыратынын айтты. 
– Көптеген қатысушы үшін бұл жарыс үлкен жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады деп сенемін. Мықтылар жеңсін! – деді аймақ басшысы.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Фото: ШҚО әкімдігінен

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив