«Байтақ» жасылдар партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Ұлы Жеңіс күніне орай «Даңқты Ардагерлер» республикалық акциясын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Игі іс-шара аясында филиал өкілдері соғыс жылдарында тылда аянбай еңбек еткен жандардың шаңырағына барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Облыстық филиалдың төрағасы Айдар Абдулдиннің жылы лебізін жеткізу мақсатында атқарушы хатшы Алмаз Джакишев ардагерлермен жүздесті.
Сапар барысында Фариза Сахитова, Валентина Степанова және Александр Хоревке құрмет көрсетілді.
Кездесу барысында Александр Иванович соғыс жылдарындағы балалық шағын тебірене еске алды:
– Біз үшін соғыс тек майданда емес, әрмен-бермен тасыған жұмыста, зауыт пен далада өтті. Бала болсақ та «Бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұран бізге күш берді. Бүгін бізді ұмытпай, партия атынан арнайы келіп, жылы сөздеріңізді айтып жатқандарыңызға ризамын. Ең бастысы — ел аман, жұрт тыныш болсын, - деді ардагер.
Пікірлер