A+ A A-

talgatzhan 40 9-05-2026, 18:45 0

Өскеменде мерекелік жәрмеңке өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін қаладағы «Алтай» көтерме-бөлшек сауда ортылығы мен «Дос-Нар» сауда үйінің аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда облыс орталығының тұрғындары қажетті өнімдерді тікелей тауар өндірушілерден нарықтағы бағадан 15-20%-ға төмен сатып алды.

Жәрмеңкеде 10 тонна ет (сиыр, жылқы, қой және шошқа), 6 тонна көкөніс (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) өнімдері сатылды.

Негізгі тауарлардан бөлек, сүт, шұжық, бал және басқа да азық-түлік ұсынылды.

Мұндай жәрмеңкелерді өткізу тұрғындарды сапалы тауарлармен қолжетімді бағада қамтамасыз етуге және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив