A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:20 0

Өскеменде суға батып кеткен жігіттің денесі табылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында суға шомылуға жабдықталмаған жерде суға батқан адамды іздеу аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- 9 мамыр күні ШҚО ТЖД құтқарушылары 3 мамырда Үлбі өзенінің шомылуға арналмаған аумағында суға түсу кезінде батып кеткен 2003 жылы туған азаматтың денесін тапты. Жас жігіттің денесі оқиға орнынан екі шақырым қашықтықта, таяз суларда Степное ауылының ауданындағы Үлбі өзенінен анықталды, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 3 мамырдан бастап ТЖД, еріктілер, полиция күштері мен құралдарын тарта отырып, күнделікті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Су қоймасының жағалау сызығын зерттеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив