A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:30 0

Өскеменде адамдар тұрған көпір опырылды: "Самал" саябағы қайта жаңғыртылады

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы “Самал” саябағында орналасқан аспалы жаяу жүргіншілер көпірі опырылып құлады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, көпір құлаған сәтте оның үстінде адамдар болған.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға шамамен сағат 20:30-да Карбышев көшесіндегі аспалы жаяу жүргіншілер көпірінде болған.

Ресми дерек бойынша көпір үстінде сегіз адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

- Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай қызметтері мен жедел жәрдем бригадалары келді. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақат тіркелген жоқ, тек сырылған және соғылған жерлері бар, – деп хабарлады әкімдік.

Алдын ала мәлімет бойынша оқыс оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болуы мүмкін. Әкімдік мәліметінше, кәмелетке толмағандар көпір құрылымын тербеткендерін мойындаған. Соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген.

Қала билігі биыл облыс әкімінің тапсырмасымен “Самал” саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланғанын мәлімдеді. Жоба аясында аспалы көпірдің құрылымы күшейтіліп, толық жаңартылатын болады.

- Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және аяқталғанша тұрғындардың қауіпсіздігі үшін нысанға кіруге шектеу қойылады, - деп атап өтті ведомство.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив