A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 11:35 0

Өскеменде көлік терезесінен аяғын шығарған жолаушы жауапқа тартылды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтар жауапқа тартылды, , деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан көлік жолаушысы әйнектен аяғын шығарып, өзіне және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген бейнежазбаны анықтады.

Тексеру іс-шараларының нәтижесінде жүргізуші мен жолаушы анықталды. Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция жол қозғалысы кезінде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив