ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні Согра шағын ауданындағы Үлбі өзеніне барып, шомылған екі жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Бір адамның мәйіті сол күні табылды. Ал екіншісінің денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды.
– Оның мәйіті оқиға орнынан екі шақырым жердегі Степное ауылының маңындағы таяз судан табылды. Іздеу жұмыстары күн сайын, соның ішінде дрондарды пайдалану арқылы жүргізілді, - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, суға кеткен азаматтың екеуі де 23 жаста болған.
Пікірлер