2-3 мамыр аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Бакуде өткен «Қазақстанда оқу» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл іс-шара Қазақстанның 20-дан астам жетекші университетін біріктіріп, халықаралық талапкерлерге арналған кең ауқымды білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін ұсынды.
Көрмеге қатысу - халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және қазақстандық жоғары білімді шетелде насихаттаудағы маңызды қадам. Университет өкілдері қонақтарды білім беру бағдарламаларымен, қабылдау талаптарымен, академиялық мобильділік бағдарламаларымен, гранттар мен жеңілдіктер мүмкіндіктерімен таныстырды.
Көрме тәжірибе алмасу, жаңа серіктестіктер орнату және талантты студенттерді тарту үшін тиімді платформа ретінде қызмет етті.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары деңгейдегі дайындығы мен халықаралық диалогқа ашықтығын көрсетті.
Іс-шараға қатысу университеттің студенттер контингентін кеңейтуге және халықаралық білім беру аренасындағы орнын нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Пікірлер