Өскемен ауруханасында "Қазцинк" зауытындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
- Бүгін түнде Өскемен металлургиялық кешенінде 5 мамырда орын алған жазатайым оқиға салдарынан алған ауыр жарақаттардан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан азаматтың отбасына және барлық қызметкерімізге қажетті қолдау көрсетуде, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиға орнында салдарды жою жұмыстары мен тиісті органдардың тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, қайтыс болған адам кәсіпорынның 1980 жылы туған қызметкері. Ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалған болатын.
Пікірлер