A+ A A-

talgatzhan 4 Бүгін, 10:10 0

Өскемен тұрғындарына электр желілерінің маңындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы электр желілерінің күзет аймақтарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мамандардың мәліметінше, жоғары кернеулі әуе электр желілерінің маңында рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізу, ағаштарды кесу, арнайы техникаларды пайдалану және басқа да әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. 
Бұдан бөлек, мұндай жағдайлар электр желілерінің зақымдануына, апаттық ажыратуларға және тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етудің уақытша тоқтауына себеп болуы мүмкін.
Осыған байланысты электр желілерінің күзет аймақтарында құрылыс, жер қазу немесе монтаждау жұмыстарын бастамас бұрын, оларды электр желілерін пайдаланушы ұйымдармен міндетті түрде келісу қажет.
Қала тұрғындары мен мекеме өкілдерінен қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген нормалар мен ережелерді сақтау сұралады.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив