A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:50 0

Өскеменде ONAY картасын қайдан сатып алуға болады?

Бүгін / Өскемен

Қоғамдық көлік карталарын сататын бөлшек сауда орындарының мекенжайлары «Алматы көлік холдингі» ЖШС ШҚО бойынша филиалында көрсетілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ONAY! картасын келесі мекенжайлардан сатып алуға болады:
Шәкәрім даңғылы, 171, ONAY! қызмет көрсету орталығы;
Жібек жолы көшесі, 3, ONAY! қызмет көрсету орталығы;
Назарбаев даңғылы, 83/1, «Мыломойка» бөлімі;
Мызы көшесі, теміржол вокзалы;
Қабанбай батыр көшесі, 142, «Әлем» сауда орталығы, екінші қабат, «Ежевика» бөлімі;
Максим Горький көшесі, 71, «ЦУМ» сауда орталығы, бірінші қабат;
Қазақстан көшесі, 62, «ADK River» сауда орталығы, бірінші қабат;
Әуезов даңғылы, 11/1, «Эмилия» сауда орталығы.
Егер картаңыз жоғалып, теңгерімде ақша қалса, оны бұғаттау керек. Мұны ONAY! мобильді қосымшасы немесе +7-777-397-01-91 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы істеуге болады.
Егер жоғалған карта ONAY! мобильді қосымшасында тіркелген болса, жаңасын сатып алғаннан кейін оны қосымшада ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда жоғалған картадан барлық қаражат 24 сағат ішінде автоматты түрде жаңасына аударылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив