Өскеменде 1 маусымда балалар өзен кемесімен тегін жүре алады
Бүгін / Өскемен
Бұл ақпаратпен «Белалекс» компаниясының өкілдері бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға жеңілдік қарастырылған. 14 жасқа дейінгі барлық балаға тегін билеттер беріледі. Бұл туу туралы куәлікті көрсеткен кезде жарамды. Сондай-ақ 13 жасқа дейінгі балалар ересектермен бірге жүруі керек.
Пікірлер