27 сәуір-12 мамыр аралығында өткен ШҚО Полиция департаменті мен Экология департаментінің өкілдері «Таза ауа» акциясын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Экологтардың мәліметінше, іс-шараның негізгі мақсаты - ауаның ластану деңгейін төмендету және көліктерді пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылау.
Рейд барысында дизельді көліктер мен қоғамдық көліктерге ерекше назар аударылды. Себебі дәл осы көлік түрлері ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың көлеміне айтарлықтай әсер етеді.
Тексеру кезінде қозғалық құралдарының экологиялық нормаларға сәйкестігі қаралды. Рұқсат етілген көрсеткіштерден асқан жағдайлар бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды.
Пікірлер