A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 10:25 0

«Алтай-Өскемен» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді

Бүгін / Басты / Өскемен / Спорт

Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Алтай-Өскемен» «Ақтөбені» пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға өтті. Аталған матч Вахид Масудов шәкірттері үшін оңайға соқпады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ойын атақты Қобыланды батыр атындағы орталық алаңда өткен болатын. Ақтөбелік жанкүйерлер қиқуынан құлақ тұнады. Бірақ өскемендік ұжым қарсылас командадағы тәжірибелі легионерлер мен көпшілік у-шуына мән бере қойған жоқ. Бірақ бірінші таймның өзінде «Алтай-Өскемен» ойыншылары екі сары қағаз алып үлгерді. Нақты айтсақ, Тимур Реджепов пен Дмитрий Шмидтің қимылы төреші назарынан тыс қалмады. Ал ақтөбеліктерден Пибе өрескел ойнады. Негізгі уақыттағы есеп 1:1 болып аяқталған. Төреші қосқан 15 минуттық қосымша уақыт та жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Сосын командалар пенальти тепті. Бұл жерде өскемендік клуб қақпашысы Әбілқайыр Әлиакбардың шеберлігін айта кетуге болады. Екі допты қайтарып, команданың жартылай финалға шығуына сүбелі үлес қосты.
Өскемендік клуб енді жартылай финалда «Ордабасымен» ойнайды. Шымкенттік ұжым кеше «Жетісу» футболшыларын жеңген болатын.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив