A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:35 0

Өскеменде №257 автобус бағыты іске қосылды

Бүгін / Өскемен

Қала әкімдігінің ақпаратынша, жаңа бағыт тұрғындар үшін көлік қолжетімділігін және жайлылығын жақсарту үшін ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қоғамдық көлік теміржол вокзалын Ново-Троицкое елдімекенімен байланыстырып, облыс орталығының негізгі аудандары арқылы жүреді.

Автобус аялдамалары: №2 емхана, “Алтай” базары, “Евразия” сауда орталығы, “Юбилейный” кинотеатры, Қайсенов көшесі, Халифа Алтай мешіті, “Car City Vostok” сауда орталығы, Спорт шағынауданы,  “Renaissance” және “Көктем” тұрғын үй кешендері, №47 мектеп, “Тәуелсіздіктің 30 жылдығы” ескерткіші, Қазыбек би даңғылы, “SPK Ertis”, “Айымжан” және “Оазис” тұрғын үй кешендері, 20 және 18 шағынаудандар. 

Қайтар бағыт: “Арғымақ”, “Домостроитель”, көпір, ДСК саяжайлары, Шешек, 18 және 20 шағынаудандар, “Мелеу”, Неке сарайы, Орталық базар, т.б. 

Аталған бағыттың іске қосылуы тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үй аудандарына жылдам және ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив