A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 10:45 0

Өскеменде велосипед ұрлығы жиіледі

Бүгін / Өскемен

Ауа-райының жылынуына байланысты облыс орталығының тұрғындары велосипедті серуендеуге, спортпен айналысуға және қала ішінде қатынауға жиі пайдалана бастады. Алайда осы кезеңде велосипед ұрлығы да көбейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Полицияның мәліметінше, азаматтар велосипедтерін дүкендердің, тұрғын үйлердің жанында немесе аула аумағында қалдырып кетеді. Осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті мүлікті сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Мәселен, велосипедті қараусыз қалдырмау, құлып қолдану, велосипедті кіреберісте қалдырмауға, құжаттары мен сериялық нөмірін сақтау. 
Егер күдікті жағдайлар байқалса, дереу 102 нөміріне хабарласу қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив