A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 10:50 0

Өскеменде өзен трамвайымен серуендеу қанша тұрады?

Бүгін / Өскемен / Пайдалы

1 мамырда Ертіс өзенінде серуендеу қызметі іске қосылды. Биыл бес өзен трамвайы мен екі теплоход жолаушыларды тасымалдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Этносаябаққа дейінгі бір жақты сапардың бағасы (15 минут) ересек адам үшін – 2000 теңге, балалар үшін 1000 теңге тұрады.
“Самал” саябағына бір жақты сапар уақыты – 30 минут. Оның бағасы – 3000 теңге тұрады (балалар үшін 1500 теңге). “Самал” саябағы мен Өзен вокзалына дейінгі бір сағаттық сапар бағасы – ересектер үшін 5000 теңге, балалар үшін – 2500 теңге. 
Ал Өзен вокзалынан Өскемен су электр станциясына дейінгі екі сағаттық сапар ересектер (15 жастан жоғары) үшін 10 000 теңге, ал 7-14 жас аралығындағы балалар үшін 5000 теңге тұрады.
Айта кетейік, 7 жасқа дейінгі балалар барлық бағыт бойынша тегін жүреді. Ол үшін туу туралы куәлік қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив