A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 12:30 0

Өскемен – Семей жолының 51 шақырымы жаңартылып жатыр

Бүгін / Өскемен

Абай облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Семей» автожолының 147-198 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Жалпы ұзындығы 51 шақырымды құрайтын учаскеде асфальтбетон жамылғысы жонылып, жол жабыны жаңартылып жатыр.

- Жоба аясында қазіргі уақытта 44,8 шақырым аумақта ұсақ түйіршікті асфальтобетон жабыны төселген. Құрылыс жұмыстарына 23 арнайы техника жұмылдырылған, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив