A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 12:40 0

Өскемендегі жарылыс: Ауыр жараланған жұмысшыға күрделі ота жасалды

Бүгін / Өскемен

«Казцинк» зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі Астанаға медициналық авиация арқылы жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметінше, 8 мамырда медициналық авиация желісі арқылы 1983 жылы туған пациент Өскеменнен Астанаға жеткізілді. 

Науқас орталықтың Шұғыл көмек департаментінің қарқынды терапия палатасына жатқызылып, оны реаниматолог, терапевт және нейрохирург дәрігерлер қарады. Сондай-ақ қажетті тексерулер жүргізілді. 

Кейін пациент нейрохирургия және неврология департаментіне ауыстырылды. 

- Дәрігерлер оған көптеген жарақат диагнозын қойған. Атап айтқанда, омыртқаның жабық жарақаты, L3 омыртқасының II дәрежелі компрессиялық тұрақсыз жарқыншақты сынуы, өсінділердің сынуы, сондай-ақ сол жақтағы 7-8 қабырғалардың ығысусыз сынуы және айқын ауырсыну синдромы анықталды, - деп атап өтті орталықтан.

Белгілі болғандай, 12 мамырда пациентке хирургиялық ем жасалды. Дәрігерлер «Артқы тәсіл. L2–L4 транспедикулярлық фиксация» операциясын жүргізген.

Қазір пациенттің жағдайы операцияның ауырлығы мен жасалған уақытқа сәйкес деп бағаланып отыр.

- Науқастың жағдайы тұрақты, палата ішінде қозғалу белсенділігі қалпына келген. Ол стационарда ем қабылдауын жалғастырып жатыр, - деп пікір білдірді дәрігерлер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив