30 мамыр күні сағат 09:00-13:00 аралығында ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара аясында онкологтар тері және қалқанша безі ауруларының, меланоманың алдын алу бойынша тегін кеңес береді. Қажет болған жағдайда ультрадыбыстық зерттеуден өтуге болады.
Мамандар қатерлі ісіктің алдын алу, ерте белгілері, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы сұрақтарға жауап береді.
Алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Тек жеке куәлік пен алдыңғы тексерулердің нәтижелерін әкелу керек.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6, 1-ғимарат (консультативтік-диагностикалық бөлім).
Байланыс нөмірі: +7 (7232) 20-89-97; +7 771 944 48 08.
Пікірлер