1 маусымнан бастап Ертіс көпірінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыстар Жібек-маталар комбинаты жағынан қалаға қарай жүзеге асырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жөндеу кезеңінде көлік қозғалысының схемасы өзгереді: қозғалыс жолақтарының екеуі кезекпен жабылып отырады.
– Автокөлік жүргізушілеріне қолайсыздықты барынша азайту мақсатында уақытша қозғалыс схемасы ұйымдастырылады: әр бағыт бойынша үш жолақтан қозғалыс қамтамасыз етіледі;
қозғалыс көлік ағынының жүктемесіне қарай реттеледі;
учаскеде уақытша жол белгілері мен қоршаулар орнатылады, – делінген ақпаратта.
Қала әкімдігі өкілдері жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.
– Жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көпір құрылысының жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізіледі. Жұмыс барысы мен оның қашан аяқталатыны туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, – деді әкімдіктегілер.
Пікірлер