14 мамырда №40 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларына арналған “Startup Projects-2026” көрмесі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың ғылыми ізденістерін қолдау, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту, заманауи технологиялар мен кәсіпкерлік бағытындағы тың идеяларды насихаттау.
Көрме барысында білім алушылар өздерінің авторлық жобаларын таныстырып, түрлі саладағы инновациялық шешімдерін ұсынды. Атап айтқанда, экология, IT технологиялар, робототехника, білім беру, әлеуметтік бағыт және кәсіпкерлік салалары бойынша әзірленген жобалар көпшілік назарына ұсынылды.
Жас өнертапқыштар өз жобаларының маңыздылығы мен тиімділігін дәлелдеп, ғылыми жаңашылдығын көрсете білді. Қатысушылар өз идеяларын еркін жеткізіп, сарапшылар мен көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, тәжірибе алмасты.
Көрме оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, олардың болашақ мамандық таңдауы мен ғылымға деген қызығушылығын нығайтуға зор ықпал етті. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырып, жаңа бастамаларға сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, олардың болашақта да ғылым мен білім жолында биік жетістіктерге жететініне сенім білдірілді.
Пікірлер