22 мамыр сағат 18:30-да «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «DASTUR DARIYASY» атты концерті ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ержан Шайзратұлы.
Өнер кешіне мәдениет саласының үздіктері Нұргүл Қабдоллаева мен Әсел Қыдырханова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Естай Матабаев пен Алпыс Жақиянов қатысады.
Билеттерді ШҚО филармониясының кассасы (Протозанов көшесі, 43) немее ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болады.
Анықтама телефоны: 8 705 101 31 25; 8 771 959 40 99.
Пікірлер