A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 10:00 0

Өскемендегі «EthnoGame» интеллектуалдық турнирінің жеңімпазы анықталды

Бүгін / Өскемен

Мамырдың 20-сы күні қаладағы Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестіктер мен шығармашылық ұжымдар арасында «EthnoGame» интеллектуалдық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мақсат сол, аймақтағы этносаралық келісімді нығайту мен жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру. Турнирге облыстың аудандық Достық үйлерінің өкілдері мен түрлі этностан құралған белсенділер қатысты. Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан халқының мәдениеті, дәстүрі мен құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім додасына түсті. Сондай-ақ бұл алаң қатысушылар үшін тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты бекемдеуге жақсы мүмкіндік болды.

Тартысты өткен интеллектуалдық ойын қорытындысында қатысушыларға сертифакаттар табысталып, үздік шыққандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

1-орын (50 мың теңге) – Аружан Жұманова;
2-орын (30 мың теңге) – Людмила Невесенко;
3-орын (20 мың теңге) – Мариям Алтынханова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Аяулым Сағиолда
Фотосурет автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив