Қазақстан Премьер-лигасы аясындағы кезекті ойын мамырдың 22-күні Өскемендегі «Восток» алаңында өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жергілікті ұжым осы жолы көшбасшы ұжымдардың бірімен ойнайды. «Оқжетпес» қазір 19 ұпаймен турнир кестесінде 3-ші орында тұр. Соңғы ойында азулы «Астананы» 1:0 есебімен жеңген. Ал Вахид Масудов шәкірттері 8 ұпаймен 13-ші орында. 11-тур аясындағы матч ертең сағат 15:00-де басталады. Келіп, көремін деушілерге кіру тегін.
Фото: Nur.kz
Пікірлер