A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 17:15 0

Өскемендік студенттер «Достық көпірімен» өтіп, тактильді басылыммен танысты

Бүгін / Өскемен

Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасымамандары кеше «Достық көпірі» инклюзивті жастар Ассамблеясының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі және Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері ат салысты. Кездесу «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» ұйымдастырылды. Онда кітапхананың қызмет көрсету секторының меңгерушісі Е.В.Дементьева кітапхананың инклюзивті қызметі мен ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жүргізілетін жұмыстар туралы баяндады. Ол мекеменің жұмыс тәжірибесі, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен инклюзия саласындағы жетістіктерді таныстырды. 
– Студенттер «Мақта қыз бен мысық» тактильді кітабына ерекше назар аударды. Қатысушылар тактильді басылымдардың ерекшеліктерімен танысып, ертегінің аудио нұсқасы бар екенін де білді. Бұл кітап көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді, – деді ұйымдастырушылар.
Кітапхананың тифлопедагогі Г.А. Кузекпаева қатысушыларға Луи Брайльдің өмірбаянын таныстырып, бедерлі-нүктелі қаріп артықшылықтарын түсіндірді. Студенттер Брайль жүйесінің қағидаларын үйреніп, нүктелер комбинациясы арқылы әріптерді, сандарды, тыныс белгілерін, музыкалық ноталарды және басқа да таңбаларды жазуға болатынын білді.
Ассамблея мүшесі М. Мукашев қоғамдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін теңдік, өзара қолдау және мүмкіндік жасау маңыздылығы туралы айтты. 
Ал студенттік Ассамблея төрағасы Т.Е.Қилымбеков жастар Ассамблеясы қызметімен, бастамаларымен, әлеуметтік жобалары және жетістіктерімен таныстырды. 
– Кітапхана қызметкерлері кездесуді ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыға нәтижелі қарым-қатынас, ынтымақтастық және инклюзия мәселелеріне көңіл бөлгендері үшін алғыс білдіреді, – деді аталған кітапхана қызметкері Жұпаргүл Бітібаева.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив