A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:10 0

Өскеменде “JASSTAR ALEMI” фестивалі өтті

Бүгін / Өскемен

Кеше Комсомол аралында өткен іс-шарада қала жастары спорттық жарыстан бақ сынасып, концерт тамашалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фестиваль аясында жергілікті өнерпаздар ән шырқап, жастар арасында би сайыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар топтарға бөлініп, түрлі спорттық ойындар бойынша өзара бақ сынасты.
Өскемен қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Бауыржанұлы іс-шараның басты мақсаты – жастарды спортқа, өнерге және белсенді өмір салтына баулу екенін атап өтті.
— Бүгінгі фестиваль қала жастарының басын қосып, оларды спортқа, шығармашылыққа ынталандыруды көздейді. Бұл жоба биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі фестивальге айналады деп жоспарлап отырмыз, — деді ол.
Іс-шараға қатысқан жастар да фестивальдің жоғары деңгейде өткенін айтып, өз әсерлерімен бөлісті.
— Осындай фестивальдердің көп болғаны қуантады. Жаңа адамдармен танысып, спорттық жарыстарға қатысып, жақсы көңіл-күйде қайттық. Кеш өте қызықты өтті, — деді фестиваль қатысушысы Аружан Серікқызы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив