A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Өскеменде шомылу маусымы 15 маусымда басталады

Бүгін / Өскемен

Өңірде шомылу маусымында демалушылар үшін арнайы жабдықталған 23 суға түсу аймағы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Су нысандарында жаппай демалыс, туризм және спорт үшін 23 орын анықталды. Атап айтқанда, Өскемен - 3, Ұлан ауданында - 8, Самар ауданында - 2, Риддер қаласында, Алтай, Үлкен Нарын, Күршім, Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай, Глубокое және Шемонаиха аудандарында - 1 орыннан.

ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардан құралған комиссиялар демалыс орындарының түбін тексеру және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін көзбен шолу жұмыстарын бастады. Қазір ШҚО ТЖД-ға су айдындарының түбін тексеру үшін сүңгуірлік жұмыстар жүргізуге 16 өтінім түскен.

Сондай-ақ құтқарушылар жағажайларда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Әр жағажайда құтқарушылар кезекшілік етеді. Алайда демалушылар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет.

– Құтқарушылар күн сайын жағажайлар аумағын бақылап жүреді. Соған қарамастан ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмауы тиіс. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.

Арнайы жабдықталған демалыс орындарында медициналық бекеттер, құтқарушылар, құтқару шеңберлері мен ескерту белгілері бар. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив