A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 16:45 0

Өскеменде халықаралық деңгейдегі қонақүй салынады

Бүгін / Өскемен

Құрылыс жұмыстары шамамен 2028 жылы аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Облыста жағажай және сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік мол. Алайда өзге өңірлер мен шетелден келетін туристерді тарту үшін жайлы әрі заманауи инфрақұрылым қажет. Бұл бағытта бүгінде бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.
ШҚО Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смиттің айтуынша, бүгінде аймақта 412 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында қонақүйлер, демалыс орындары және басқа да туристік нысандар бар.
— Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз республикада бірінші орында тұр. Өңірде бір мезетте қабылдау сыйымдылығы 21 737 төсек-орынды құрайды, — деді ол.
Сонымен қатар облыс орталығында «Hilton Garden Inn» көпфункционалды кешенін салу көзделіп отыр. Бұл іскер туристер мен саяхатшыларға арналған халықаралық бизнес-қонақүйлер желісі.
Әзірге халықаралық деңгейдегі қонақүйдің нақты қай жерге салынатыны айтылған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив