Қалада жаңа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шаһар басшысы Алмат Ақышов нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Жобалардың бірі - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға қарсы салынатын студенттер аллеясы. Соның аясында заманауи демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру, жарықтандыру және шағын сәулеттік нысандар орнату қарастырылған.
Сонымен қатар «Валентина» сауда үйінің маңында да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда серуендеуге арналған аймақтар, көпірлер, демалыс орындары салынып, аумақ көгалдандырылып, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастырылмақ.
Қала әкімі жұмыстардың сапасы мен мерзімі тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Пікірлер