Көші-қон қызметінің қызметкерлері заңнаманы бұзып, жұмыс істейтін шетелдік азаматтарды анықтау үшін құрылыс алаңдары мен базарларды үнемі тексереді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, облыс орталығындағы құрылыс алаңын жоспарлы тексеру кезінде көршілес мемлекеттің 17 азаматы уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз еңбек етіп жүргені анықталды.
- Шетелдіктер шамамен бір ай бұрын келген және қажетті рұқсатты алмай, нысанда 10 күннен астам уақыт жұмыс істеді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.
Иммиграциялық заңнаманы бұзғаны үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз жалдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК (432 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Пікірлер